Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2012 жылдан бастап Қазақстанда 30 қыркүйек әділет қызметкерлері күні ресми түрде атап өтіледі. Бұл мереке заң қоғамының барлық өкілдерін, Заңның әрпі мен рухына қызмет ететін, әділдіктің үстемдігін сөзінде де, ісінде де бекітетін, конституциялық негіздердің мызғымастығын қамтамасыз ететіндердің барлығын біріктіреді.
Осы күнге арналған тақырыптық сөре «Адам. Мемлекет. Заң». Тақырыптық сөреде конституциялық құқыққа, қылмыстық-атқару жүйесіне, адвокатура және нотариат институттарына арналған, қалыптасу және даму тарихы Әділет министрлігімен тығыз байланысты басылымдар ұсынылған.
Сіз көрмені кітапхананың жұмыс уақытында көре аласыз.
